×

Перизат Қайрат колонияда отырып табыс таба алады

Абай Қайырбековтің айтуынша, кез келген жұмыс белгілі бір біліктілікті талап етеді.

Перизат Қайрат колонияда отырып табыс таба алады
Әлеуметтік желі

Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков ведомство кулуарында Перизат Қайраттың жазасын өтеу барысы мен оның жұмыспен қамтылу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай Қайырбековтің айтуынша, кез келген жұмыс белгілі бір біліктілікті талап етеді.

Біз ең алдымен оның жұмысқа орналасуына лайық бос орындарды қараймыз. Егер тиісті кәсіби біліктілігі жетіспесе, арнайы оқыту немесе кәсіби даярлық курстарын ұйымдастырамыз, – деді ол.

Журналистердің «оқу үшін оларды мекемеден шығара ма?» деген сұрағына Қайырбеков:

Колледж немесе қысқа мерзімді курстарды тікелей мекеме базасында ұйымдастырамыз. Олар мекемеден тыс жерге шықпайды, – деп жауап берді.

Комитет басшысының айтуынша, Перизат Қайрат басқа сотталғандар секілді тігін ісімен айналысуға немесе шаруашылық бөлімінде түрлі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алады.

Жұмыстың түрі көп. Еңбекақы көлемі де атқарылған жұмыс көлеміне қарай белгіленеді. Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, оны сотталғандар толық алады, – деді Абай Қайырбеков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Спортшылар жастарды салауатты өмірге шақырды
26.11.2025ж. 19:28

Спортшылар жастарды салауатты өмірге шақырды

Оған студенттер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері мен денсаулық саласының мамандары  жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →