×

Қазақстанда лотерея өткізу тәртібі мен блогерлердің жауапкершілігі қатаңдатылады

Оның айтуынша, бұл бастама қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейді.

Қазақстанда лотерея өткізу тәртібі мен блогерлердің жауапкершілігі қатаңдатылады
Pixabay.com

Қазақстанда лотереяларды ұйымдастыру тәртібі заң деңгейінде өзгертіліп, блогерлердің жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Сенатта өткен брифинг барысында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Қазір осы мәселеге қатысты басқа да мемлекеттік органдардан ұсыныстар жинап жатырмыз. Кейін бұл ұсыныстарды Үкіметтің қарауына жібереміз, содан соң Мәжіліске жолданады, – деді Елемесов.

Оның айтуынша, бұл бастама қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейді – бұл тұрғыда бұған дейін қаржы пирамидаларының жарнамасына қатысты қабылданған шараларға ұқсас тәсіл қарастырылып жатыр.

Бұған дейін қаржы пирамидаларын жарнамалағандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын. Дәл сол секілді, енді осы бағытта да осындай жауапкершілік белгілеу мәселесі қаралуда, – деп атап өтті ҚМА төрағасының орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Абай Қайырбековтің айтуынша, кез келген жұмыс белгілі бір біліктілікті талап етеді.
Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 10 мыңға жуық қылмыс алкогольдік мас күйінде жасалады.
Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →