×

Қазақ халқын қорлаған Алика Мұхамадиева 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша түпкілікті үкім алдағы уақытта жарияланады

Қазақ халқын қорлаған Алика Мұхамадиева 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Qaz365.kz

Қарағандыда әлеуметтік желілерде қазақ халқы туралы қорлайтын пікір жазғаны үшін ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен сотталып жатқан Алика Мұхамадиеваның ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы өз ұстанымын баяндап, Мұхамадиеваны ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды сұрады.

«Жаза тағайындау кезінде қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпталушының жеке басын және оның істеген әрекетке дейінгі және кейінгі мінез-құлқын ескеруді сұраймын», – деді прокурор.

Айыптаушының айтуынша, Мұхамадиеваның әрекетінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар бар: ол жасаған ісіне өкініп, кінәсін мойындаған және оның қарауында кәмелетке толмаған баласы бар. Ал ауырлататын жағдайлар анықталмаған.

«Соттан айыпталушыға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Жаза орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтелсін. Мерзім ұсталған күннен бастап есептелсін», – деді прокурор.

ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, Мұхамадиеваға жазаны өтеуді баласы 14 жасқа толғанға дейін шегеру мүмкіндігі қарастырылған.

Прокурор сондай-ақ сотталушыдан 78 640 теңге мөлшерінде Қорғау қорына және 751 012 теңге көлемінде сот сараптамаларының шығынын өтеу үшін мемлекет пайдасына өндіріп алуды ұсынды.

Айыптау тарабының сөзінен кейін қорғаушыға сөз берілді.

Адвокат Тимур Солодуха соттан айыпталушының өкініп, кінәсін мойындағанын, тергеуге белсенді көмектескенін және бұрын сотталмағанын ескеруін сұрады.

«Соттан адамгершілік танытып, Мұхамадиеваның шын жүректен өкініп отырғанын, баласының бар екенін және өзінің әділ жаза алуға дайын екенін ескеруді өтінемін. Ол қателігін түсінді, енді мұндайға жол бермейді», – деді адвокат.

Қорғаушының айтуынша, Мұхамадиева өзіне тағайындалған барлық айыппұл мен сот шығынын төлеуге дайын.

Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша түпкілікті үкім алдағы уақытта жарияланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Lenovo Kazakhstan директорын өлтіруге тапсырыс берді деген күдікті Дубайда ұсталды
Бүгін, 17:57

Lenovo Kazakhstan директорын өлтіруге тапсырыс берді деген күдікті Дубайда ұсталды

Бұған дейін тергеу барысында қылмысты орындаған екі адам ұсталып, қамауға алынған болатын
Әкесінің айтуынша, отбасында бұл жағдай бәріне ауыр тиді
Бүгінде Атырау қаласында жасанды интеллект элементтері бар 75 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді
Оның айтуынша, бұл бастама қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →