×

«Қызыма дұрыс тәрбие бере алмадым»: Алика Мұхамадиеваның әкесі сотта сөйледі

Әкесінің айтуынша, отбасында бұл жағдай бәріне ауыр тиді

«Қызыма дұрыс тәрбие бере алмадым»: Алика Мұхамадиеваның әкесі сотта сөйледі
Qaz365.kz

Қарағандыда қазақ халқын қорлаған мәлімдемесі үшін ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен сотталып жатқан Алика Мұхамадиеваның ісі жалғасып жатыр. Сот отырысында айыпталушының әкесі сөз алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін мен мұнда тек қоғамдық қорғаушы ретінде емес, әке ретінде келіп отырмын. Соңғы үш ай оның өміріндегі ең ауыр кезең болды. Қызым қамауда отыр, бұл оған үлкен сабақ болды. Күн сайын оның жылағанын көрдім, өзімді кінәлі сезіндім. Мүмкін, қызымды дұрыс тәрбиелей алмаған шығармын», – деді ол.

Әкесінің айтуынша, отбасында бұл жағдай бәріне ауыр тиді. Алика бала кезінен жақсы оқып, отбасын құрып, кәсіппен айналысқан.

«Мен оны әрқашан мақтан тұтатынмын. Бірақ кейін қайын енесі қайтыс болды, бұл оған қатты соққы болды. Ұйқысы бұзылды, жиі “түсімде қайын енем келеді” деп айтатын. Кейін жол апатына түсті. Қазір мен күн сайын немереммен серуендеймін, ол үнемі “Анашым қашан келеді?” деп сұрайды», – деді ол көз жасын тыя алмай.

Аликаның әкесі соттан қызын кешіріп, оған баласын тәрбиелеуге мүмкіндік беруді сұрады.

«Бұл оның өміріндегі үлкен сабақ болды. Мен тек соттан оған өз қатесін түсініп, түзетуге мүмкіндік беруді өтінемін», – деді ол.

Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, айыптаушы соттан Мұхамадиеваны 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Итті де бұлай азаптамайды ғой»: жетісулық Айзат Жұманованың анасы әділдік талап етті
Кеше, 15:08

«Итті де бұлай азаптамайды ғой»: жетісулық Айзат Жұманованың анасы әділдік талап етті

Қаза шыққан отбасы істі жабуға күйеуінің отбасылық байланыстары себеп болуы мүмкін деп санайды
Ол 5 банк алдында 14 млн теңгеден астам қарызға батқан
Ол қаражат әлеуметтік нысандар салуға бөлінген
Келіншек екі жасар қызын бірнеше айдан бері көрмегенін айтты  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →