×

«Балалар қорқып отыр»: Зәкиева Жамбыл облысындағы мектептерде не болып жатқанын айтты

Динара Зәкиева көп мектептерде басшылық зорлық-зомбылық фактілерін жасыруға тырысатынын мәлімдеді

«Балалар қорқып отыр»: Зәкиева Жамбыл облысындағы мектептерде не болып жатқанын айтты

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында балалардың құқығы жаппай бұзылып жатқаны анықталғанын хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, ол мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге өңірде балаларды қорғау, зорлық-зомбылықтың, буллингтің, суицидтің және жасөспірімдер қылмысының алдын алу жөніндегі заңдардың қалай іске асырылып жатқанын зерттеген. Облыс әкімі және барлық аудан басшыларымен өткен кездесулердің қорытындысы бойынша Зәкиева "жағдай әлі де аса күрделі, жазасыз қалу мен немқұрайлылық мәселені одан әрі ушықтырып отыр” деп атап өтті.

Динара Зәкиеваның айтуынша, көп мектептердегі басшылық зорлық-зомбылық пен қорқыту фактілерін жасырады, ал балалар анонимді сауалнамаларда өздері жиі мазаққа түсіп, соққыға жығылатынын, жыныстық бопсаға ұшырайтынын хабарлаған.

«Шу мен Қордайдағы мектептерде балалар электрошокер мен кастеттерді ұстау қалыпты құбылысқа айналғанын, ал қыздардың зорлыққа ұшыраймыз ба деп қорқатынын жазады. Кейбір мектептерде мұғалімдердің өздері күш қолданады және балаларды буллингке ұшыратады», – деді Закиева.

Ерекше алаңдаушылық тудырып отырған мәселе – балалар арасындағы суицидтің көбеюі: тоғыз айда тіркелген 14 жағдайдың жетеуі уақтылы қауіп белгілері байқалса алдын алуға болар еді. Прокуратура деректеріне сәйкес, облыстың тек екі ауданында ғана буллинг пен қорқытып алудың 200-ден астам дерегі тіркелген.

«Балалар өздерін қорғалғанбыз сезінбейді, ал ішкі істер органдары көбіне әрекетсіз қалады», – деді Закиева.

Ол сонымен қатар, полиция айқын дәлелдер бола тұра, отбасылық зорлық-зомбылық фактілерін елемеген жағдайлар болғанын мысалға келтірді.

Зәкиева Президент нақты нәтиже талап ететінін атап өтті. Тапсырмаға сәйңес «соңғы екі жылда қабылданған заңдар, бағдарламалар мен шешімдер балаларды қорғау үшін жұмыс істеуі керек, қағаз жүзінде қалмауы тиіс». Қазір анықталған барлық жағдайлар бойынша Президент әкімшілігімен, прокуратурамен және ІІМ-мен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Итті де бұлай азаптамайды ғой»: жетісулық Айзат Жұманованың анасы әділдік талап етті
Бүгін, 15:08

«Итті де бұлай азаптамайды ғой»: жетісулық Айзат Жұманованың анасы әділдік талап етті

Қаза шыққан отбасы істі жабуға күйеуінің отбасылық байланыстары себеп болуы мүмкін деп санайды
Ол 5 банк алдында 14 млн теңгеден астам қарызға батқан
Ол қаражат әлеуметтік нысандар салуға бөлінген
Келіншек екі жасар қызын бірнеше айдан бері көрмегенін айтты  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →