×

Депутат 2 млрд теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Ол қаражат әлеуметтік нысандар салуға бөлінген

Депутат 2 млрд теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
depositphotos

Қаржылық мониторинг агенттігі 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген депутатқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті “QazConstructions” ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу деректеріне сүйенсек, компания өкілдері Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы жеті ауданда 11 әлеуметтік нысан салуға бөлінген бюджет қаржысын заңсыз иемденген. Күдіктілердің қатарында серіктестіктің бұрынғы директордың орынбасары бар, ол Күршім аудандық мәслихатының депутаты», – делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

ҚМА мәліметінше, жобалардың мақсаты – өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және демалысқа қолайлы жағдай жасау еді. Алайда заңсыз әрекеттердің салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жеті ауылды ауыз сумен қамтуға арналған су жүйелері іске қосылмаған.

Жымқырылған қаржы көлемі 2 млрд теңгеден асады. Бұл қаражат аффилиирленген кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Тергеу барысында күдіктілердің заңсыз табысына сатып алынған Астанадағы элиталы пәтерлерге, Lamborghini Urus, Cadillac Escalade, Mercedes автокөліктеріне және сирек тұқымды жылқыларға сот шешімімен тыйым салынды.

Қазіргі таңда екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сот несиеге белшесінен батқан мұғалімге көмектесті
Бүгін, 12:12

Сот несиеге белшесінен батқан мұғалімге көмектесті

Ол 5 банк алдында 14 млн теңгеден астам қарызға батқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →