×

«Итті де бұлай азаптамайды ғой»: жетісулық Айзат Жұманованың анасы әділдік талап етті

Қаза шыққан отбасы істі жабуға күйеуінің отбасылық байланыстары себеп болуы мүмкін деп санайды

«Итті де бұлай азаптамайды ғой»: жетісулық Айзат Жұманованың анасы әділдік талап етті
Фото: Qaz365.kz

32 жастағы Айзат Жұманованың анасы Жетісудағы оқиғадан кейін үлкен резонанс туғызып, істі қайта тергеуді талап еткен. Ол Qaz365.kz тілшісіне бүгін сұхбат берді.

Анасы қызының жағдайы, отбасының шындық үшін күресі, сондай-ақ іс соңында полицияның қайта сараптама жасатуға неге мән бергендері туралы айтып берді. Бұл қайта тексеру ісінің қылмыс ретінде қайта қаралуына әкелген. Бұрын іс Қылмыстық кодекстің 106-баптың 3 бөлігі  бойынша, яғни «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» ретінде жүріп жатқан.

“Бірақ біз ол баппен келіспедік. Сол себепті сараптама тағайындалды, шамамен 59 күннен кейін нәтижесі шықты. Сараптаманы комиссия қарап, шешім қабылдады. Соның қорытындысы бойынша іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігіне – “Адам өлтіру” бабына ауыстырылды. Кеше өздері хабарласты. Тергеуші полиция майоры Қасымов ресми қаулы жіберді. Онда «іс қайта сараланып, 99-баптың 1-бөлігімен қаралады» деді. Оған дейін біз емес, мен оны жасаған жоқпы, ол больницаға тірі келген дегенді көп айтты олар. Олай болса басқа кінәліні табайық дедік.”, – дейді анасы.

Оның айтуынша, екеуінің қасында екі жасар қызы болған. Бала қатты қорқып қалған. Қаралы ана сонымен қатар осы оқиғадан кейін құда-құдағилары келіп, кешірім сұрамағанын айтты.

“Ешкім кешірім сұраған жоқ. Кішкентай қыз менде, мен уақытша күтімге алғанмын. Құда өзі жалғыз келіп тұрады. Құдағи 40 нан кейін мүлде келмей кетті. Екі әпкесі келіп кетті өткенде. Маған сенімхат бермей қойды. Уақытша оқшаулау мекемесіне барғанмын, сол жердің нотариусына тастап кеткенмін. Құда-құдағиға “мен сіздерді көргенде жүрегім ауырады. Адвокатыма айттым ол жақтың адвокатына хабарласыңызшы бізге келмай ақ қойсын. Сот біткенше дедім” дейді анасы.

 Заң бойынша бала біреудің қарамағында болуы керек. Бүгінге дейін Ескелді ауданынан, ауруханадан дәрігерлер, психологтар келіп, көмек көрсеткен. Оған дейін баланы Ақсу ауданынан ешкім іздеп келмепті. Бала жүрек ауруына байланысты есепте тұр. 

Анасы күдіктіні кешірмейді.

“Егер байқамай бір-ақ жеріне тисе, мен ештеңе демес едім. Абайсызда шығар деп… Көк ала қойдай қылған, тырнақтарына дейін ештеңе қалмаған. Ондай тірлікті малға да ит ке де жасамайды.

Олар өздері басында “не істеп аласыңдар?” деді ғой. “Қолдарыңнан келгенін жасаңдар” деді. Қолдары, саусақтары тізесіне дейін, беті-аузы көкпеңбек, башпайлары сынған. Сонша қызымның жанын қинағаны менің жаныма батады. Басқа ештеңе керек емес маған. “Абайсызда” дейді – “абайсызда” болған жоқ. “Кешіріңдер балам мынадай иттік жасады” деп туған-туысқанын жинап келіп, менің ағайын туысымның көзінше кешірім сұраса болаты еді ғой. Жоқ маған “нені жасасаң, оны жаса” деп отыр. Кішкентай немерем шағын орталықта”, – дейді марқұмның анасы.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та Ақсу ауданының Баласаз ауылындағы трагедия туралы егжей-тегжейлі жазылған болатын: туыстары әйелдің қатты соққыға ұшырап, кейін ауруханаға жеткізілгенін айтқан. Алайда бастапқыда тергеушілер бұл жағдайды «апаттық оқиға» деп тергеген, осы әңгіме қоғамда наразылық тудырған еді. Қайта сараптама жүргізіліп, отбасының қысымы әсерінен қылмыстық іс «кісі өлтіру» бабы бойынша қайта қаралды. Күдікті ұсталып, тергеу облыс полиция департаментінің бақылауында жалғасты.

Тергеушілер әлі барлық мәліметті жарияламаса да, ресми деректерге сәйкес, оқиғаның толық әрі объективті көрінісін анықтау үшін кешенді шаралар жүргізіп жатыр. Отбасы мұқият тергеуді талап етіп, әділ сот шешімін шықсын деп талап етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сот несиеге белшесінен батқан мұғалімге көмектесті
Бүгін, 12:12

Сот несиеге белшесінен батқан мұғалімге көмектесті

Ол 5 банк алдында 14 млн теңгеден астам қарызға батқан
Ол қаражат әлеуметтік нысандар салуға бөлінген
Келіншек екі жасар қызын бірнеше айдан бері көрмегенін айтты  
Динара Зәкиева көп мектептерде басшылық зорлық-зомбылық фактілерін жасыруға тырысатынын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →