×

Елімізде репост үшін айыппұл салынуы мүмкін

Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады

Елімізде репост үшін айыппұл салынуы мүмкін
Известия/ Дмитрий Коротаев

Қазақстанда әлеуметтік желілердегі заңға қайшы контентті таратқаны (репост жасағаны) үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілмек. Бұл норма «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң жобасында қарастырылған. Құжат Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Заң жобасына сәйкес, енді әлеуметтік желіде заңсыз мазмұндағы материалды жариялаған, бөліскен немесе таратқан тұлғаларға айыппұл салынуы мүмкін.

Мұндай контенттің анықтамасы «Онлайн платформалар және интернет-жарнама туралы» заңның 14-бабында көрсетілген. Онда заңға қайшы контентке мыналар жатады:

  • конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақыру;
  • мемлекеттің тұтастығына немесе қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақпарат;
  • соғыс насихаты;
  • әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни немесе рулық араздықты қоздыру;
  • зорлық-зомбылық, қатыгездік, суицид, порнография, есірткі мен психотроптық заттарды насихаттау;
  • сепаратизм идеялары немесе алаяқтық пен заңсыз әрекеттерге итермелеу.

Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік тұтастығына күмән келтіретін, мемлекеттік құпияларды әшкерелейтін немесе өзге де заңмен қорғалатын ақпараттар да «құқыққа қайшы контент» деп танылады.

Мәжіліс депутаты, заң жобасын әзірлеушілердің бірі Магеррам Магеррамовтың айтуынша, түзетулер қабылданған соң жауапкершілік тек контентті жасағандарға емес, оны бөлісіп, таратқан қолданушыларға да қолданылады.

– Бұл жерде бәрі анық: кім жарияласа, таратса немесе репост жасаса – бәрі де жауапқа тартылады. Егер адам заңға қайшы бейнежазбаны өз парақшасына жүктеп немесе репост жасаса, ол автоматты түрде таратушы ретінде қаралады, – деді депутат.

Магеррамовтың айтуынша, егер қолданушы өз парақшасында заңсыз контентті бөлісіп, оны «бұл заңды бұзу» деп түсініктеме қоса жарияласа да, ол таратушы ретінде жауапқа тартылады.

– Егер адам: «Мынау заң бұзушылық» деп жазып, бірақ видеоны өз парақшасына орналастырса, ол бәрібір заңға қайшы контентті таратып отыр. Мұндай жағдайда дұрыс шешім – оны жарияламай, Мәдениет және ақпарат министрлігіне немесе полицияға хабар беру, – деді ол.

Қазір бұл бап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әлі енгізілген жоқ, бірақ Мәжіліс оны екінші оқылымда қарамақ.

Депутаттың айтуынша, заң күшіне енгеннен кейін ескі жарияланымдар да есепке алынады. Егер қолданушы бірнеше жыл бұрын заңсыз контент орналастырса, ол да жойылуға тиіс.

– Мұндай материалды үш жыл бұрын салған болса да, оны өшіру керек. Өйткені заңсыз контент парақшада тұруы – өз алдына құқық бұзушылық, – деді Магеррамов.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасында мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік те бар. Ал енді жоспарланып отырған өзгерістерден кейін әкімшілік айыппұл түріндегі жаза да енгізіледі.

Айыппұл мөлшері әзірге нақты белгіленген жоқ. Заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымда қаралған соң Сенатқа жіберіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда талапты орындамаған құрылыс компаниялары лицензиясынан айырыла бастады
Бүгін, 15:15

Алматыда талапты орындамаған құрылыс компаниялары лицензиясынан айырыла бастады

Бұған дейін қала әкімі мердігерлерге бірнеше рет ескерту жасаған еді
Қаза шыққан отбасы істі жабуға күйеуінің отбасылық байланыстары себеп болуы мүмкін деп санайды
Ол 5 банк алдында 14 млн теңгеден астам қарызға батқан
Ол қаражат әлеуметтік нысандар салуға бөлінген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →