×

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған: істі қараған полицейлер тексеріледі

Полиция бұл істі есептен шығарып тастаған

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған: істі қараған полицейлер тексеріледі
pexels

Түркістан облысында 15 жастағы қыздың 71 жастағы ер адамнан босану ісін қараған Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріліп жатыр. Бұл туралы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Еңбекші ауылында болған. Күдіктіге қатысты «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Динара Зәкиева мәлім еткендей, полиция бұл істі есептен шығарып тастаған, сондықтан Ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратура олардың әрекеттеріне қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

– Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыс фактісі бойынша ІІМ және облыстық прокуратурамен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Омбудсменнің сөзінше, қыз бала биыл қаңтар айында Астанада босанған. Дәрігерлер бұл жағдай жөнінде дереу полицияға хабарлаған. Кейін іс материалдары Келес аудандық полициясына, яғни аймақтық тергеу құзыретіне сәйкес жолданған.

Алайда қыздың анасы ресми арызды тек қазан айында ғана берген. Қазір бұл істі балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы өкілі бақылауға алып, өңірге жіберілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елімізде репост үшін айыппұл салынуы мүмкін
Кеше, 20:17

Елімізде репост үшін айыппұл салынуы мүмкін

Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады
Бұған дейін қала әкімі мердігерлерге бірнеше рет ескерту жасаған еді
Қаза шыққан отбасы істі жабуға күйеуінің отбасылық байланыстары себеп болуы мүмкін деп санайды
Ол 5 банк алдында 14 млн теңгеден астам қарызға батқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →