×

«Сүйек толы пакетті құшақтап қалдым»: Яна Легкодимованың анасы қылмыскерді өмір бақи түрмеге қамауды сұрайды

Әйелдің айтуынша, Янамен қарым-қатынаста болған айыпталушы Ризуан Хайржанов оны алдап, пайдаланып кеткен

«Сүйек толы пакетті құшақтап қалдым»: Яна Легкодимованың анасы қылмыскерді өмір бақи түрмеге қамауды сұрайды
Qaz365.kz

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне байланысты атышулы сот ісі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кезекті сот отырысында бойжеткеннің анасы Галина Легкодимова сөз сөйледі. Айыпталушылардың хаттары мен бастан өткерген қасіреті жөнінде айтқан анасының сөздері залда отырғандарды бей-жай қалдырған жоқ, олар көзіне жас алды.

Анасының айтуынша, қызы мақсаты айқын әрі мейірімді қыз болған, оқып, болашағына үлкен жоспар құрып жүрген.

«Ол екі жоғары білім алды, үшіншісіне түспек болды, екі жерде жұмыс істеді. Болашақта оны “ҚазМұнайГазда” күтіп отырған. Оны бәрі сыйлайтын, ешкім ешқашан кемсіткен емес», – дейді Галина.

Әйелдің сөзіне қарағанда, Янамен қарым-қатынаста болған айыпталушы Ризуан Хайржанов оны алдап, пайдаланып кеткен.

«Ол оны жай ғана алдағанын түсінді. Ол бәрін өз мақсатына пайдаланды, нағыз “бетперде киген адам” еді», – деді ол.

Ананың айтуынша, басты дәлел – іс материалдарына тіркелген хат алмасулар болған.

«Оларды оқығанда, төбе шашым тік тұрды. Онда өлтірудің түрлі тәсілдері талқыланған: буындырып өлтіру, биіктен лақтыру, өртеп жіберу... Мұның бәрі жайбарақат, күліп отырып жазылған. Оны оқығанда тіпті полицейлер де өз көздеріне сенбеді», – деді Галина.

Ол қылмыс кездейсоқ болмағанын атап өтті:

«Басында бәрі жанжал үстінде, аффект жағдайында болған шығар деп ойладым. Бірақ хаттарды көрген соң, бәрінің алдын ала жоспарланғанын түсіндім».

Марқұмның анасы қылмыскерлерді кешірмейтінін және олар үшін ең ауыр жаза талап ететінін айтты.

«Өкінішке қарай, бізде өлім жазасы жоқ. Бірақ олар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы тиіс. Мұндай адамдар қоғамда өмір сүруге лайық емес», – деді ол.

Көз жасын әрең тыйған әйел сегіз ай бойы қызының сүйегін күткенін айтып, ең ауыр сәтін есіне алды.

«Мен құшақтайтын адам таппадым. Мәйітханада отырып, сүйек салынған пакетті құшақтап қалдым. Менде қалғаны – осы ғана», – деді ол.

Анасының сөзінше, хат алмасуларда полициямен мүмкін жанжалдар туралы да айтылған.

«Тергеуден осы эпизодты тексеруді сұраймын. Мен бұл жайлы толық біле алмаймын, себебі Яна енді жоқ», – деді Галина.

Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушыларға алдын ала келісім бойынша адам өлтірді деген айып тағылған. Атырау жұртшылығы ашық сот процесін және айыпталушыларға өмір бойы жаза тағайындауды талап етіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады
Бұған дейін қала әкімі мердігерлерге бірнеше рет ескерту жасаған еді
Қаза шыққан отбасы істі жабуға күйеуінің отбасылық байланыстары себеп болуы мүмкін деп санайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →