×

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды

77 бейнебақылау камерасы мен 5 жылдамдық өлшеу құрылғысы жұмыс істей бастады

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу облысының Қаратал ауданында қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің заманауи цифрлық өзегі саналатын кіші жедел басқару орталығы (ЖБО) салтанатты түрде ашылды. Бұл нысанды ашуға облыстық бюджеттен 320 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ЖБО іске қосылуымен бүгіннен бастап ауданның ең қарбалас және стратегиялық маңызды нүктелеріне орнатылған 77 бейнебақылау камерасы мен 5 жылдамдық өлшеу құрылғысы жұмыс істей бастады. Жаңа жүйе полицияға тәулік бойы (24/7) көшелердегі жағдайды бақылауға, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Орталықтың құрылуы «Ақылды полиция» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Енді құқық қорғау қызметкерлері жағдайды нақты уақыт режимінде көріп, кезекші жасақтардың әрекеттерін үйлестіріп, шешім қабылдауды жеделдетеді.

Аталған шараға Қаратал ауданы әкімдігінің өкілдері де қатысып, жаңа орталықтың ашылуы ауданның қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуге зор үлес қосатынын атап өтті.

«Қауіпсіздік – бұл тұрақтылық пен азаматтардың сенімінің негізі. Цифрлық технологияларды енгізудің арқасында Қаратал ауданы құқықтық тәртіп пен қоғамдық бақылаудың жаңа деңгейіне көтерілді», – деп атап өтті Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әлімбет Смайылов.

Кішігірім жедел басқару орталығы – бұл тек техникалық нысан ғана емес, тұрғындардың қорғалғандығы мен сенімділігінің жаңа нышаны. Ол – әр азаматтың өмірі, мүлкі мен тыныштығы сенімді бақылауда екенінің кепілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →