×

“Қазақтар мен қырғыздарды қорлаған”: Бішкек соты боксшы Биволдың бұрынғы әйеліне үкім шығарды

Бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

“Қазақтар мен қырғыздарды қорлаған”: Бішкек соты боксшы Биволдың бұрынғы әйеліне үкім шығарды
Ашық дереккөздерден

Қырғызстан астанасы – Бішкектің Бірінші май аудандық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволды сырттай қамауға алу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұндай шешімге Екатерина Биволдың 21 қазанда әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосы себеп болды. Бейнежазбада ол қырғыз бен қазақты қорлайтын сөз айтқан. 

Бішкек қалалық ІІБ тергеу қызметі Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 330-бабы — «Нәсілдік, этностық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздық туғызу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ажырасқаннан кейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде экс-күйеуі туралы жиі эмоционалды жазбалар жариялап, спортшыны алимент мөлшерін азайту үшін табысын жасырды деп айыптаған. Сондай-ақ оның жанкүйерлерін де сынаған.

Айта кетейік, 34 жастағы Дмитрий Бивол - ресейлік және қырғызстандық боксшы. Ол жеңіл салмақтағы WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Бивол мансабында Артур Бетербиевтен басқа ешкімге жеңілмеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →