×

Бес шетелдік Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған – ҰҚК

Бес шетелдік Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған – ҰҚК
Видеодан кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде бес шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актінің алдын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, күдіктілердің барлығы қамауға алынып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар биыл қыркүйек пен қазан айларында терроризмді насихаттады деген күдікпен 8 қазақстандық азамат ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалған.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұған қоса, дәл осы кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам терроризм және экстремизм баптарымен сотталып, түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Жалпы жыл басынан бері осындай қылмыстар үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 6 шетел азаматы бар.

ҰҚК баспасөз қызметі ел тұрғындарын қырағылық танытуға және күдікті әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жүйелік жемқорлықты түбірімен жою үшін уақыт пен табанды саяси ерік қажет            
Бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
77 бейнебақылау камерасы мен 5 жылдамдық өлшеу құрылғысы жұмыс істей бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →