×

Қазақ халқын қорлаған Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты

Қазақ халқын қорлаған Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты
Ашық дереккөзден

Қарағанды соты 22 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваны әлеуметтік желіде қазақ халқын қорлайтын жазбалар жариялағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот шешімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда сот жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, себебі Мұхамадиеваның екі жасар баласы бар. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге жаза мерзімі бес жылға дейін болса, оны өтеу кейінге қалдырылады.

Осылайша Мұхамадиева бостандыққа шығып, жазасын екі жылдан кейін өтейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →