×

Шымкентте әкімдік қызметкерінен ақша бопсалады деген күдікпен блогер-журналист ұсталды

Шымкентте әкімдік қызметкерінен ақша бопсалады деген күдікпен блогер-журналист ұсталды
Ашық дереккөзден

Шымкент қаласында блогер әрі журналист әкімдік өкілінен 10 миллион теңге көлемінде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, алдын ала тергеу деректеріне сай күдікті шенеуніктен әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материал таратпау үшін ақша талап еткен.

«Күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап етіп, бұл қаражатқа теріс сипаттағы материалдарды жарияламауға уәде берген», – делінген полиция хабарламасында.

Факт бойынша Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесіне тінту жүргізіліп, электронды құрылғылар мен өзге де заттар тәркіленген.

Құзырлы орган әзірге күдіктінің аты-жөнін жариялаған жоқ. Сондай-ақ оны қорғаушы тараптың қандай да бір мәлімдеме жасағаны туралы ақпарат түскен жоқ.

Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →