×

Қазақстанда кибералаяқтар рәсімдеген 717 млн теңге көлеміндегі несиелер кешірілді

100-ден астам азаматтың несиесі кешірілді

Қазақстанда кибералаяқтар рәсімдеген 717 млн теңге көлеміндегі несиелер кешірілді
ашық дереккөзден

Қазақстанда интернет-алаяқтардың құрбаны болған жүзден астам азаматтың атына заңсыз рәсімделген несиелер кешірілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас прокурордың мәліметінше, Қарағанды облысында 133 тұрғынның атына алынған жалпы сомасы 717,1 миллион теңге несиелердің өндіріп алынуы тоқтаған.

Бұған дейін Мәжіліске 232 адамнан құралған бастамашыл топ жүгініп, кибералаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерін айтып, көмек сұраған болатын.

«Интернет-алаяқтықпен күрес мақсатында “Киберпол” жобасы іске қосылса да, алданған азаматтар саны азайған жоқ. Алаяқтар ұрланған қаржыны шетелге шығарып, ізін жасырады. Көптеген іс бойынша тергеу баяу жүріп жатыр», – делінген депутаттардың сауалында.

Сонымен қатар депутаттар банктік құпия мен несие рәсімдеу процедураларындағы заң бұзушылықтар тергеуге кедергі келтіріп отырғанын атап өтті.

Берік Асыловтың айтуынша, заңнама мен банк жүйесі интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін жаңартылып жатыр.

«Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың басым бөлігі тергеу органдарының ұсынысы негізінде өз атына тіркелген алаяқтық несиелерден босатылды. Атап айтқанда, 133 адамның жалпы сомасы 717,1 миллион теңге қарызы есептен шығарылды», – деді Бас прокурор.

Бас прокуратура басқа өңірлер бойынша да осындай шешім қабылдау үшін тиісті ұсыныстарды жолдаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →