Талғар аудандық соты атышулы іс бойынша үкім шығарып, Хасан Қасымбаевты 12 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл іс бойынша барлығы алты адам сот алдында жауап берді: Хасан Қасымбаев, Руслан Алиев, Мадияр Калимжанов, Сайлау Актанов, Нұрмұхамбет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров.
Айыпталушыларға адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып ақша алу баптары бойынша айып тағылған.
Сот Хасан Қасымбаевты кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу шартымен 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін белгілі болды.
Қоғамда Қасымбаев “Хуторские” деп аталатын қылмыстық топты басқарады деген сөз тараған. Алайда Ішкі істер министрлігі мұндай ұйымдасқан топтың бар екенін ресми түрде жоққа шығарған.