×

Хромтау әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Хромтау әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Хромтау ауданының әкімдігі

Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықпаев пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол тергеу аяқталғанға дейін екі ай мерзімге қамауда болады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қала әкіміне қатысты «Пара алу» бабы бойынша іс қозғалған.

Сот Сағындық Шабықпаевты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, – делінген сот мәлімдемесінде.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 40 жастағы Сағындық Шабықпаев Хромтау қаласының әкімі қызметін екі жыл бұрын бастаған. Бұған дейін ол Хромтау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →