Қазақстанда жаңа тәртіп күшіне еніп, патрульдік полицейлер жүргізушілердің жеке деректерін себепсіз тексере алмайтын болды. Бұл туралы Kolesa.kz сайтына Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті мәлімдеген, дем хабарлайды Qaz365.kz.
Комитеттің айтуынша, Әкімшілік істердің бірыңғай тізілімін (ӘІБТ) пайдалану жүйесіне өзгеріс енгізілді. Енді инспектор жүргізушінің ЖСН-ін базаға енгізген сәтте, оның кім туралы ақпарат сұратқаны автоматты түрде тіркеліп қалады. Бұл деректерді кейін өшіруге немесе жасыруға мүмкіндік берілмейді.
Тәртіптің күшеюіне жүргізушілердің жеке мәліметтері заңсыз қаралғаны туралы шағымдардың көбеюі себеп болған.
«Бұрын кейбір тәртіп сақшылары ЕРАП арқылы азаматтардың тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны, тіпті телефон нөміріне дейін көре алған. Енді мұндайға жол берілмейді», – деп түсіндірді комитет.
Жаңа талапқа сай, патрульдік полиция қызметкері ЕРАП жүйесіне тек нақты жол ережесін бұзу анықталған кезде ғана кіре алады. Яғни хаттама толтыру немесе айыппұл рәсімдеу қажет болған жағдайда ғана базаны пайдалануға рұқсат бар.
Басқа себеппен жүйеге кіру енді заң бұзушылық болып саналады.