×

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы сотталғандармен «Заңға қадам» атты кездесу өткізді

Кездесуде көтерілген негізгі мәселелердің бірі – босатылғаннан кейін сотталғандар үшін тұрақты табыс көзінің болмауы.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы сотталғандармен «Заңға қадам» атты кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын одан әрі ілгерлету мақсатында ШҚО ҚАЖД мекемелерінде қайталама қылмыстардың алдын алу және өзекті әлеуметтік-құқықтық мәселелерді шешу бағытында сотталғандармен «Заңға қадам» атты жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараға ШҚО прокуратурасының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласының мамандары қатысты. Әңгіме барысында сотталғандарда қосымша көмек пен қолдауды талап ететін бірқатар әлеуметтік-құқықтық проблемалар анықталды.

Кездесуде көтерілген негізгі мәселелердің бірі – босатылғаннан кейін сотталғандар үшін тұрақты табыс көзінің болмауы. Талдау көрсеткендей, бұл фактор қайталама қылмыстың негізгі себептерінің бірі болып отыр.

Тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында іс-шара бос жұмыс орындар жәрмеңкесі форматында ұйымдастырылды. Қатысушыларға қолжетімді жұмыс орындары ұсынылып, жұмысқа орналасу тәртібі, кәсіби оқудан өту және әлеуметтік қызметтер алу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қайталама қылмыстарды төмендетуге, әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етуге және жазасын өтеп жатқан азаматтардың заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруды жалғастыратын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →