×

АҚШ-тың «ең қауіпті қылмыскерлер» санатына Қазақстанның үш азаматы кірді

АҚШ-тың «ең қауіпті қылмыскерлер» санатына Қазақстанның үш азаматы кірді
tengrinews

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі қалыптастыратын «worst of the worst» деп аталатын ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне Қазақстанның үш азаматы енгізілген. Бұл мәлімет ведомствоның ашық деректер базасында жарияланған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрліктің түсіндіруінше, аталған тізімге ауыр қылмыс жасаған әрі қоғамға елеулі қауіп төндіреді деп танылған шетел азаматтары қосылады.

Тізімге енген қазақстандықтардың біреуі Алабама штатында ұсталып, шабуыл жасау және ұрланған мүлікті сақтау дерегі бойынша сотталған. Екінші азамат Флорида штатында ұрлық ісі аясында қамауға алынған. Ал үшінші қазақстандық Орегон штатында қарулы шабуыл жасады деген күдікпен қамауда отыр.

Бұл антирейтингте Қазақстан азаматтарымен қатар Украина, Ресей және Беларусь елдерінен шыққан адамдар да бар.

Еске салайық, «worst of the worst» тізімі АҚШ аумағында ауыр қылмысқа қатысы бар немесе ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп бағаланған шетелдіктерді қамтиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →