×

Алматыда 17 жастағы қызды азғындады деген күдікпен шетелдік студент ұсталды

Алматыда 17 жастағы қызды азғындады деген күдікпен шетелдік студент ұсталды
Fotolia

Алматыда кәмелетке толмаған қызға қатысты қудалау дерегі бойынша Үндістан азаматы ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияның мәліметінше, жәбірленушінің анасының арызы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелген. Арыз негізінде тексеру жүргізіліп, күдікті ретінде шетелдік студент анықталып, ұсталған.

«Полиция қызметкерлері аталған азаматты анықтап, ұстады. Тексеру қорытындысы мен қабылданған процессуалдық шешімдерге сәйкес, әрекетке заң аясында құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Бұған дейін алматылық Анна Муленкова әлеуметтік желіде жазба жариялап, 17 жастағы, мүгедектігі бар қызына шетелдік студент тарапынан жыныстық сипаттағы әрекет жасалмақ болғанын айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мас күйінде көлік жүргізетіндерге заң бойынша ауыр жауапкершілік артылғанмен, Қазақстанда бұл мәселе күн тәртібінен түсе қойған жоқ
Мас күйінде көлік жүргізетіндерге заң бойынша ауыр жауапкершілік артылғанмен, Қазақстанда бұл мәселе күн тәртібінен түсе қойған жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →