×

БЖЗҚ-дан тіс емдеуге деп 200 млрд теңгеден астам қаржы заңсыз шығарылған

БЖЗҚ-дан тіс емдеуге деп 200 млрд теңгеден астам қаржы заңсыз шығарылған
Коллаж Ulysmedia

Қаржылық мониторинг агенттігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражатын заңсыз шығару деректері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Ведомство мәліметінше, зейнетақы жинақтары жалған стоматологиялық қызмет көрсету шарттары мен медициналық құжаттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу барысында қылмыстық схемаға ел бойынша 42 стоматологиялық клиника қатысқаны анықталған. Күдіктілер азаматтарға зейнетақы қаражатын «шешіп беруге көмектескені» үшін алынған соманың 10–20 пайызы көлемінде сыйақы алып отырған.

Алдын ала деректерге сәйкес, заңсыз шығарылған қаражат көлемі 200 млрд теңгеден асып кеткен.

Қылмыстық іс аясында 11 адам қамауға алынды, тағы 3 күдікті үйқамаққа алынған. Тергеу жалғасып жатыр, өзге де қатысы бар тұлғалар мен эпизодтар анықталуда.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды зейнетақы жинақтарын пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға және күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →