×

Заң мен тәртіп: Жетісу облысында профилактикалық жұмыс кабинеттері ашылып жатыр

Заң мен тәртіп: Жетісу облысында профилактикалық жұмыс кабинеттері ашылып жатыр

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысының барлық қалалары мен аудандарында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әлеуметтік тәуекелдерді азайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыс кабинеттері өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Профилактикалық кабинеттердің қызметі облыстық Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы арқылы ұйымдастырылады және мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Профилактикалық кабинеттер жұмысының кешенді әрі нысаналы болуы үшін төмендегі мамандар тартылған:
 • психологтар — психологиялық көмек көрсету, дағдарыстық жағдайлармен, отбасылық жанжалдармен және тәуекел тобына жататын жасөспірімдермен жұмыс істеу үшін;
 • дәрігер-наркологтар — алкоголизмнің, нашақорлықтың және өзге де тәуелділіктердің алдын алу, түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізу үшін;
 • медицина қызметкерлері — алғашқы медициналық кеңес беру және тиісті бейінді мамандарға жолдау үшін;
 • әлеуметтік қызметкерлер — қолайсыз отбасыларды және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік сүйемелдеу үшін;
 • полиция қызметкерлері — құқықтық кеңес беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру үшін.

Профилактикалық жұмыс кабинеттерінің негізгі міндеттері:
 • әлеуметтік және мінез-құлықтық тәуекелдерді ерте кезеңде анықтау;
 • тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және қайталама қылмыстың алдын алу;
 • алкоголизмнің, нашақорлықтың және девиантты мінез-құлықтың өзге де түрлерінің алдын алу;
 • азаматтарға кеңестік және психологиялық көмек көрсету;
 • қоғамда құқықтық мәдениет пен жауапты мінез-құлықты қалыптастыру;
 • халық пен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайту.

Профилактикалық кабинеттердің ашылуы құқық бұзушылықтың салдарымен емес, оның себептерімен жұмыс істеуге бағытталған превентивті әрекет ету моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Профилактика — мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Дәл осындай ашық өзара іс-қимыл тетіктері арқылы өңірде заңдылықтың, тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің орнықты жүйесі қалыптасады.

Заң мен тәртіп — профилактика арқылы.
Қауіпсіздік сенім мен қолдаудан басталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →