×

Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған күдікті ұсталды
видеодан кадр

Алматы қаласында мешіттерде жамағаттың заттарын ұрлаған ер адам қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті намаз уақытында адамдардың алаңсыз сәтін пайдаланып, ұялы телефон, әмиян және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлап отырған. Ол жамағаттың құлшылыққа толық берілген кезін әдейі таңдаған.

Қазіргі уақытта бірнеше ұрлық дерегі дәлелденді. Тергеу барысында ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған дерек бойынша Алматы қаласының полициясы тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →