×

Баланың емі үшін деп 1,3 млрд теңге жинаған: Астанада ерлі-зайыптыға үкім шықты

Баланың емі үшін деп 1,3 млрд теңге жинаған: Астанада ерлі-зайыптыға үкім шықты
informburo.kz

Астанада сот Дәулет пен Толқын Тотақановтарды аса ірі көлемде алаяқтық жасап, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар ауыр науқасқа шалдыққан ұлын емдету сылтауымен қайырымдылық жинақтарын ұйымдастырған. Алайда жиналған 1,3 млрд теңгеден астам қаражаттың небәрі 6,4 млн теңгесі ғана нақты ем-шараларға жұмсалған. Қалған қаржы жарнамаға, жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуға, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігулерге пайдаланылғаны анықталған.

Мемлекеттік айыптаушы соттан әрқайсысына жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сонымен қатар кәмелетке толмаған баласының барын ескере отырып, Толқын Тотақановаға қатысты үкімді орындауды екі жылға кейінге шегеру ұсынылған. Сот бұл өтінішті қанағаттандырып, екі сотталушыға да жеті жыл жаза тағайындады. Әйел адамға қатысты жаза өтеу мерзімі екі жылға кейінге қалдырылды.

Сот шешіміне сәйкес, Тотақановтарға 10 жыл бойы қайырымдылық қызметпен, соның ішінде қаражат жинаумен айналысуға тыйым салынды. Сондай-ақ олардың мүлкі тәркіленді.

Соңғы сөзінде Толқын Тотақанова жиналған ақшаны тек баласының еміне жұмсағанын айтып, пайыздық қарыз берушілердің ықпалына түскенін жеткізді. Ол күйеуінің қаржы жұмсауға қатысы болмағанын да атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →