×

Әкесін соққыға жыққан Алмас Садақбаев 5 жылға сотталды

Әкесін соққыға жыққан азамат жазасын орташа түзеу мекемесінде өтейді

Әкесін соққыға жыққан Алмас Садақбаев 5 жылға сотталды

Шардара ауданы, Қоссейіт ауылында туған әкесін аяусыз соққыға жыққан Алмас Садақбаевқа сот үкімі шықты. Ол түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды және жазасын орташа түзеу мекемесінде өтейді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұған дейін әкесіне қол көтеріп жатқан ер адамның видеосы желіде тарап кетіп, жұрттың наразылығын тудырған еді. Сол оқиғадан кейін әкесінің қайтыс болғаны анықталды. Ал оның ұлы Алмас Садақбаев істі болды. Сот бүгін осы іске қатысты үкімді жариялады.

«Алмас Садақбаев Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағында, 110-бабының 3-бөлігі 1 тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 110-бабының 3-бөлігі 1 тармағы бойынша 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, онша қатаң емес жазаға ішінара қатаң жазаны қосу арқылы Садақбаевқа түпкілікті 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалсын. Оның жаза мерзімі 2025 жылдың 6 қыркүйегінен бастап есептелсін», — деп мәлімдеді судья.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алмас Садақбаев сот алдында жылап тұрып, барша қазақ елінен кешірім сұраған еді. Ол өзіне барынша жеңіл жаза беруін өтінген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →