×

Алматы соты Orda.kz-тің экс-бас редакторының ісіндегі адвокатты лицензиясынан айырды

Алматы соты Orda.kz-тің экс-бас редакторының ісіндегі адвокатты лицензиясынан айырды
bureau.kz

Алматы қаласында сот Мурат Адамды адвокаттық лицензиясынан айырды. Ол сотта Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы – Гүлнар Бажкенованы қорғап келген. Тиісті шешімді Бостандық аудандық соты шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Сотқа талап-арыз Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ұсынысы негізінде берілген. Ведомство Мурат Адамның әлеуметтік желілердегі жарияланымдары сотқа дейінгі тергеу органдарының қызметін беделсіздендіреді деп есептейді.

Сот шешімі жарияланғаннан кейін қорғаушы тараптың өкілі, адвокат Асқар Қаймақов бұл үкіммен келіспейтінін мәлімдеп, оны міндетті түрде апелляциялық тәртіппен қайта қаратуға ниетті екенін айтты.

Оның сөзінше, қорғау тарапы сот шешімінің толық мәтіні мен уәждемесін әлі алмаған.

«Соттың шешімін толық алғаннан кейін танысып, апелляциялық шағым беру құқығымызды міндетті түрде пайдаланамыз», – деді Асқар Қаймақов.

Сондай-ақ ол соттың жеке ұйғарым шығаруына қатысты түсініксіз жайттардың бар екенін атап өтті. Адвокаттың айтуынша, сот бұл ұйғарымның кімге қатысты және қандай нақты заң бұзушылықтар бойынша қабылданғанын түсіндірмеген.

«Жеке ұйғарым шығарудың қажеттілігі неде және ол нақты кімге, қандай фактілерге байланысты қабылданды – бұл жөнінде сот тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ», – деді ол.

Асқар Қаймақов егер жеке ұйғарым жалпы адвокаттар қауымдастығына қатысты болса, оны да заң аясында даулауға ниетті екенін жеткізді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →