×

Оңтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен сотқа тартылды

Оңтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен сотқа тартылды
auezov.edu.kz

Оңтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы басшысы бюджет қаржысын заңсыз иемденді деген күдікпен сотта жауап беруде. Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу барысында мемлекетке 321 млн теңге көлемінде шығын келтірілгені анықталған. Аталған іске университеттің қаржы және әкімшілік бөлімдерінің басшылары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ бірқатар мердігер компаниялардың жетекшілері де тартылған.

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктілер мемлекеттік сатып алулар кезінде жалған шарттар жасасқан. Бұл келісімдер бойынша тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе олардың құны бірнеше есе қымбаттатылған.

Соттың санкциясымен күдіктілердің төрт тұрғын үйі, бір автокөлігі және банктік есепшоттарындағы 40 млн теңгеден астам қаражаты бұғатталды.

Қазіргі таңда іс сотта қаралып жатыр. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауды жалғастыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →