×

Шавкат Рахмоновтың жұбайына 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр

Шавкат Рахмоновтың жұбайына 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр
ашық дереккөзден

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты қылмыстық іс бойынша жаза қатаң болуы мүмкін. Бұл туралы Qaz365.kz YouTube-тегі AIRAN арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Арнаның жүргізушісінің айтуынша, аталған іс бойынша күдікті ретінде спортшының жұбайы ресми түрде танылған. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Санжар Әділов растаған. Қазіргі уақытта тараптар тергеу материалдарымен танысып жатыр, ал жақын арада сот процесі басталуы ықтимал. Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, аталған бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, қайғылы жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 27 шілдеде болған. Жамбыл облыстық полиция департаментінің дерегінше, Гүлайым Рахмонова Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін басқарып, Қарағанды облысынан Алматыға бағыт алған. Жол үстінде көлікті басқара алмай, автомобиль аударылған. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →