×

Түркістанда 18 жастағы қыз үш полицейді "жыныстық қатынасқа мәжбүрледі" деп айыптады

Түркістанда 18 жастағы қыз үш полицейді "жыныстық қатынасқа мәжбүрледі" деп айыптады
shutterstock

Түркістан қаласында 18 жастағы қыздың шағымы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Әлеуметтік желілерде үш полиция қызметкері қызды зорлады деген ақпарат тарағаннан кейін, жағдайға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің мәліметінше, арыз Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынынан түскен. Қазіргі уақытта бұрын ішкі істер органдарында қызмет атқарған азаматтардың бұл оқиғаға ықтимал қатысы жан-жақты тексеріліп жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілердің әрекеттеріне принципті құқықтық баға беріледі», – деді министрліктің ресми өкілі.

Ведомство ақпаратынша, аталған азаматтар қызметтік әдеп пен беделге нұқсан келтіргені үшін ішкі істер органдарынан босатылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →