×

Абай облысында ер адам әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Абай облысында ер адам әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
Liter.kz коллажы

Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризм идеологиясын таратқаны үшін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде қадағалау органдары сот үкіміне сүйене отырып хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот дерегіне сәйкес, Семей қаласының тұрғыны 2024 жылдың шілдесі мен 2025 жылдың сәуірі аралығында TikTok желісінде бірнеше жасырын аккаунт жүргізіп, террористік мазмұндағы материалдарды жариялаған. Ол өз жазбаларында және жеке хаттарында радикалды көзқарасты дәріптеп, зорлық-зомбылықты ақтаған.

Прокуратура мәліметінше, таралған контент Қазақстанда тыйым салынған Ислам мемлекеті ұйымының идеологиясымен байланысты болған.

Сот айыпталушыны терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Осыған байланысты прокуратура азаматтарға ескерту жасап, террористік және экстремистік мазмұндағы материалдарды тарату, бөлісу немесе сақтау заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті. Құзырлы органдар мұндай деректер анықталған жағдайда құқық қорғау құрылымдарына хабар беруге шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →