×

Қазақстан үкіметі іс қозғаған Қожамжаровтың құқықтық дәрежесі әлі белгісіз

Қазақстан үкіметі іс қозғаған Қожамжаровтың құқықтық дәрежесі әлі белгісіз
Фото: senate.parlam.kz

Қазақстанның бұрынғы Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың құқықтық дәрежесі әлі күнге белгісіз, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлім етті.

«Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, оның статусы әзірге анықталған жоқ», – деді мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске сала кетсек, өткен жылы қыркүйектің басында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →