×

Нұрлан Сабыров «жалдамалылық» бабы бойынша тергелуі мүмкін

Нұрлан Сабыров «жалдамалылық» бабы бойынша тергелуі мүмкін
vk.com/nurlan.saburov

Қазақстанның құзырлы органдары ресейлік соғыс қимылдарына қолдау көрсетті деп айыпталған әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеріс жүргізу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, мәселе Қылмыстық кодекстің «жалдамалылық» бабы төңірегінде өрбіп отыр.

Тексеруге не себеп болды?

Даудың басы Истра қаласының басшысы Татьяна Викушеваның 2025 жылы жазда жариялаған телеграм-жазбасынан басталған. Онда Сабыровтың Истра ауданындағы «Вагнер Истра Легионы» жауынгерлеріне көмек ретінде 10 питбайк (мотоцикл) жібергені туралы ақпарат шыққан.

«Ресей қаһарманы Ратибордың қарамағындағы жауынгерлерге қуатты 10 питбайк жіберіліп жатыр. Командир, көліктерді қабылдап алыңыз», — деп жазған еді Викушева.

Қазіргі таңда бұл жазба өшірілгенімен, оның скриншоттары әлеуметтік желілерде сақталып қалған.

Қазақстан заңы және жауапкершілік 

Отандық заңнамаға сәйкес, шетелдегі қарулы қақтығыстарды қаржылай немесе материалдық тұрғыдан қолдаған азаматтар қылмыстық жауапқа тартылады. «Жалдамалылық» бабы бойынша кінәлі деп танылғандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сабыровтың қазіргі жағдайы 

Естеріңізге сала кетейік, биыл 6 ақпанда Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған болатын. Қазақстанға оралған әзілкеш әлеуметтік желідегі барлық жазбаларын өшіріп, оқиғаға қатысты ресми пікір білдіруден бас тартты. Ол бұл мәселемен заңгерлері айналысып жатқанын ғана айтып, қысқа қайырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Адам тағдырын аяқасты етесің»: депутат заңның қатаңдығы мас болып көлікке отыратындарды азайтпағанын айтты
Кеше, 17:22

«Адам тағдырын аяқасты етесің»: депутат заңның қатаңдығы мас болып көлікке отыратындарды азайтпағанын айтты

Мас күйінде көлік жүргізетіндерге заң бойынша ауыр жауапкершілік артылғанмен, Қазақстанда бұл мәселе күн тәртібінен түсе қойған жоқ
Мас күйінде көлік жүргізетіндерге заң бойынша ауыр жауапкершілік артылғанмен, Қазақстанда бұл мәселе күн тәртібінен түсе қойған жоқ
Ресми ақпаратқа сәйкес, платформа пайдаланушыларға 11 мыңнан астам онлайн-ойын ұсынып, спорттық және киберспорттық бәсті қабылдаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →