×

«Батареяға байлап сабаған»: Жаркентте өз баласын азаптаған ана сотталмайтын болды

«Батареяға байлап сабаған»: Жаркентте өз баласын азаптаған ана сотталмайтын болды
видеодан кадр

Панфилов аудандық соты 28 жастағы Жаркент тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарап, шешім қабылдады. Өз баласын қатыгездікпен жазалаған әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оқиғаға баланың ваннадағы суды ашық қалдырып, үйді су басуы себеп болған. Бұған ашуланған анасы кішкентай ұлын батареяға байлап қойып, аяусыз соққыға жыққан. Баланың денесіндегі көгерулер мен жарақаттарды көрген әкесі оны дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер баланың денесінде көптеген гематома барын растады.

Сот процесі барысында тағайындалған сот-психиатриялық сараптамасы әйелдің денсаулығында кінәрат барын анықтады. Әйел адам туабітті ақыл-есінің кемістігімен (мінез-құлқының айқын бұзылуы бар жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі) ауыратыны белгілі болды. Сарапшылар оның өз іс-әрекетінің қауіптілігін сезіне алмайтынын және сот процесіне қатысуға қауқарсыз екенін дәлелдеді.

«Сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оны психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу туралы шешім қабылдады», — делінген сот хабарламасында.

Бұл отбасындағы екі бала Талдықорған қаласындағы Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →