×

Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты

Түнгі ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмаған азамат болған

Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты
Polisia.kz

Алматы қаласында кәмелетке толмағанды қоғамға жат әрекеттерге тарту фактісіне байланысты түнгі клубтың қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Тексеру іс-шаралары мен келіп түскен материалдарды зерделеу барысында кәмелетке толмаған азаматтың түнгі ойын-сауық мекемесінде болғаны, сондай-ақ оның құқыққа қайшы әрекеттерге тартылғаны расталды.

Аталған дерек бойынша қажетті құжаттар мен дәлелдемелер жинақталып, соның негізінде қатаң шаралар қабылданды.

Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшанның айтуынша, кәмелетке толмағандарды, әсіресе, түнгі ойын-сауық орындарында, қоғамға жат әрекеттерге тарту – заңды өрескел бұзу.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →