×

Сарбаздың соққыға жығылуы: Гвардейск гарнизонында төрт бастық қызметінен қуылды

Сарбаздың соққыға жығылуы: Гвардейск гарнизонында төрт бастық қызметінен қуылды
Қорғаныс министрілігі

Отардағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаздың соққыға жығылуына байланысты бірқатар лауазымды тұлға қатаң жазаланды. Қорғаныс министрлігі оқиғаға жол берген басшылық құрамды қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кімдер қызметінен кетті?

Орын алған оқиғадан кейін келесі төрт жетекші лауазымынан айырылды:

  • Әскери бөлім командирі;

  • Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары;

  • Батальон командирі;

  • Рота командирі.

Бөлім басшылығының басқа да өкілдеріне қатысты қатаң шаралар қолданылды. Бөлім командирінің орынбасары — штаб бастығына және батальон командирінің орынбасарларына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жарияланды. Бірнеше офицер мен сержант қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының соңында Отардағы әскери бөлімдердің бірінде жанжал болып, сарбаз Есбол Қапардың төменгі жақ сүйегі сынған болатын. Аталған факті бойынша 27 қаңтарда қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, ал зардап шеккен сарбаз госпитальда ем қабылдап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →