×

Мемлекетке 13,5 млрд теңге залал келген: ҰҚК «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы басшысын ұстады

Мемлекетке 13,5 млрд теңге залал келген: ҰҚК «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы басшысын ұстады
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржы министрлігіне қарасты «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады. Ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, экс-шенеунік жекеменшік иесіне кепіл мүлкін сатудан түскен қаражатты қорға аударудың орнына, оны заңсыз иемденіп қалуға мүмкіндік берген. Бұл әрекеттің салдарынан мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

ҰҚК таратқан хабарламада күдіктінің басқа да заңсыз істері туралы айтылады. Күдікті мемлекеттік мүлікті нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамен сатқан. Соның салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған. Сондай-ақ борышкер компаниялардың иесі мен оның сыбайластары ұсталды. Олар құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 млн теңге залал келтірген.

Сот санкциясымен барлық күдіктілер қамауға алынды. Оларға Қылмыстық кодекстің алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану баптары бойынша айып тағылып отыр.

Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура өкілдері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →