×

Павел Дуров Қазақстанға келсе, ұстала ма: ІІМ жауап берді

Павел Дуров Қазақстанға келсе, ұстала ма: ІІМ жауап берді
Павел Дуровтың Telegram арнасы

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Қазақстанға келу қауіпсіздігі мен оны Ресейге беру (экстрадициялау) мүмкіндігіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Министр орынбасарының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіпкерге қатысты ешқандай құқықтық кедергілер жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанда Дуровқа қатысты ешқандай қылмыстық іс жоқ. ІІМ өндірісінде мұндай материалдар болған емес және Ресей тарапынан ресми өтініштер түскен жоқ», — деді Санжар Әділов.

Ол сондай-ақ шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау және экстрадиция мәселелері тікелей Бас прокуратураның құзыретіне жататынын айтып өтті.

Контекст: Дуровқа не үшін айып тағылды?

Бұл мәселе Ресей билігінің Павел Дуровқа қарсы «террористік әрекетке жәрдемдесу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғауына байланысты туындап отыр. 24 ақпанда ФСБ материалдарына сілтеме жасаған ресейлік мемлекеттік БАҚ-тар бұл ақпаратты таратты. Дуровтың өзі де Telegram арнасында ресейлік биліктің оған қарсы іс бастағанын растады. Кремль бұл хабарламаларды әлі теріске шығармады, бірақ ресми құқықтық түсініктеме де берген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →