×

Батыс Қазақстанда шенеуніктерді бопсалаған блогер сотталды

Батыс Қазақстанда шенеуніктерді бопсалаған блогер сотталды
Айболат Букенов/ Мой Город

Орал қалалық соты 43 жастағы блогер Айболат Бөкеновті алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныды. Сот шешімімен оған қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, Бөкенов әлеуметтік желілерде билікті сынау арқылы аудитория жинап, кейін сол беделін пайдакүнемдік мақсатта қолданған. Ол «көмек көрсету» немесе жағымсыз жазбаларды өшіру үшін шенеуніктерден ақша талап еткен. Бұл істе Батыс Қазақстан облысының бірнеше аудан әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер және депутат жәбірленуші деп танылды.

Айыптау тарапының мәлімдеуінше, блогер бопсалау арқылы тапқан қаражаттың бір бөлігін құмар ойындарға (бәске) жұмсаған. Сот барысында Бөкенов өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге ақшасын қайтаруға уәде берген және кінәні мойындау туралы мәміле жасасқан.

Дегенмен, 25 ақпанда өткен сот отырысында жәбірленушілердің барлығы дерлік блогерге ең ауыр жаза тағайындауды сұрады. Тергеу кезінде үй қамағында болған Айболат Бөкенов үкім оқылған бойда сот залында қамауға алынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ және тараптар оған шағым түсіре алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →