×

Атыраудағы жоғалған отбасы: ІІМ күдіктінің ұсталған сәтін көрсетті

Атыраудағы жоғалған отбасы: ІІМ күдіктінің ұсталған сәтін көрсетті

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Атырау облысындағы ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдіктінің Индонезияда ұсталу сәтін көрсетті. Арнайы операция Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы жағдай 2025 жылдың соңында басталған. 25 желтоқсанда полицияға төрт адамнан тұратын отбасының (66 және 64 жастағы ерлі-зайыптылар мен олардың 33 және 35 жастағы ересек балалары) жоғалғаны туралы арыз түскен. Тәртіп сақшылары бірден «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

2026 жылдың қаңтар айының басында үй маңындағы шаруашылық қорадан ерлі-зайыптылардың пышақ жарақаты бар денелері табылды. Сол уақытта полиция Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны мен марқұмдардың кіші қызына халықаралық іздеу жариялаған болатын.

24 ақпанда күдікті Индонезия аумағында ұсталды. Оның қасында бұрын хабар-ошарсыз кетті деп есептелген марқұмдардың кіші қызы (күдіктінің бұрынғы әйелі) болған. ІІМ мәліметінше, жақын арада екеуі де Қазақстанға қайтарылып, тергеу амалдары жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →