×

Жүргізушілерге ескерту: камералар енді жаңа бұзушылықтарды анықтай бастайды

Жүргізушілерге ескерту: камералар енді жаңа бұзушылықтарды анықтай бастайды
kolesa.kz

Polisia.kz мәліметінше, Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйесінің аясы кеңейтілмек. Полиция бұл жерде жаңа тыйымдардың енгізілмегенін, тек бұрыннан бар ережелерді технология көмегімен бақылау күшейтілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Камералар енді нені тіркейді?

Енді интеллектуалды жүйелер жылдамдық пен бағдаршамның қызыл түсінен бөлек, мынадай жағдайларды да назардан тыс қалдырмайды:

  • Рөлде телефон пайдалану: Камера жүргізушінің қолындағы құрылғыны анықтай алады;

  • Қауіпсіздік белдігі: Тақпаған жүргізушілер мен жолаушылар автоматты түрде тіркеледі;

  • Құжаттарды тексеру: Мемлекеттік базалармен интеграция арқылы жүйе техникалық байқаудың (техосмотр) өтпегенін немесе сақтандыру полисінің жоқтығын бірден біледі.

Кейбір жеңіл ереже бұзушылықтар бойынша (мысалы, кептеліс тудыру немесе шамдарды дұрыс қолданбау) жүйе инспектордың қатысуынсыз-ақ автоматты түрде ескерту шығара алады.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған «камералар енді жаяу жүргіншілерге де автоматты түрде айыппұл салады» деген ақпаратты ресми түрде теріске шығарды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →