Кішкентай баланың қолын қайырып жатқан түзету орталығының қызметкерінің видеосы желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді
Ерекше баланың қолын қайырған Алматыдағы түзету орталығының қызметкері қамалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін ерекше баланың қолын қайырған қызметкердің видеосы жұрттың ызасын туғызған еді. Дәл осы орталыққа баласын апаратын аналардың бірі баласының басы мен аяғынан қызметкердің таяқпен ұрғанын және құлатқанын айтты.
«Ол менің баламды тоқтаусыз ұрды. Сабақ басталғалы ол оны қорлап келген. Ол оны таяқпен басынан ұрған, аяғынан ұрған, әдейі шалып құлатқан. Аяғынан он мәрте, басынан тағы бірнеше рет ұрған», — деді аналардың бірі.
Осы жағдайдан кейін ата-аналар құзырлы органдарға арыз жазған. 4 наурызда полиция Алматыдағы түзету орталығының қызметкерінің қамалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.