×

Жолдағы камералар бүгіннен бастап жаңа ережебұзушылықтарды тіркей бастайды

Жолдағы камералар бүгіннен бастап жаңа ережебұзушылықтарды тіркей бастайды
bnews.kz

Қазақстанда жол қозғалысын бақылау жүйесі жаңартылды. 12 наурыздан бастап жолдардағы автоматты камералар құқықбұзушылықтардың қосымша түрлерін анықтай бастады. Бұл өзгерістер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер негізінде күшіне енді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының өкілі Серік Шумаевтың айтуынша, жаңашылдық жүргізушілер үшін қосымша тыйым енгізбейді. Қолданыстағы заң талаптары өзгеріссіз қалады, тек ережебұзушылықтарды анықтау тәсілі жетілдіріледі. Негізгі мақсат – жолдағы тәртіпті күшейтіп, қауіпсіздікті арттыру.

Бұған дейін жолдағы камералар жылдамдықты асыру, қызыл жарықтан өту, жол белгілері мен таңбаларды елемеу, дұрыс тоқтамау, басып озу ережесін бұзу және жаяу жүргіншілерге жол бермеу сияқты алты түрлі құқықбұзушылықты анықтайтын.

Енді жаңартылған жүйе көлік тізгінінде отырып ұялы телефон қолдану және қауіпсіздік белдігін тақпау жағдайларын да тіркей алады. Сонымен қатар камералар мемлекеттік дерекқорлармен біріктіріліп, техникалық тексерістің мерзімі өтіп кеткенін немесе міндетті сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Кейбір жағдайларда заңнамаға сәйкес жүргізушілерге автоматты түрде ескерту жолдануы мүмкін. Ал Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған «камералар жаяу жүргіншілерді де айыппұлға тартады» деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Кішкентай баланың қолын қайырып жатқан түзету орталығының қызметкерінің видеосы желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымына енгізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →