×

Танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

2 ақпаннан бері Жанәбілов пен Төлегенова үйқамақта отыр

Танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы 7 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: instagram.com/zhanabylov_e

Астана қаласының аға прокурорының көмекшісі Олжас Хайруллаев істі болған танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы әйелі Эльмира Төлегеноваға қандай жаза тағайындалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Прокурор Хайруллаев Қылмыстық кодекстің 218-бабының 2-бөлігі бойынша айыппұл көлемі 7 мың айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін жетуі мүмкін екенін айтты.

«Егер шамамен 560 мың теңге мөлшеріндегі есептен шығатын болсақ, 7 мың еселік айыппұл шамамен 1 миллиард теңгеге жуық соманы құрауы мүмкін», – деді Олжас Хайруллаев.

Прокурордың сөзінше, қылмысы дәлелденсе танымал блогерлерге ең ауыр жаза берілуі мүмкін. 

«Егер олардың қылмысы дәлелденсе, Қылмыстық Кодекстің  218-бабының 2-тармағы бойынша ең ауыр жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», — Астана қаласының прокурорының аға көмекшісі Олжас Хайруллаев.

Еске сала кетсек, ерлі-зайыптыларға Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі («Заңсыз кәсіпкерлік») және 218-бабының 2-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)») бойынша айып тағылған. Негізгі сот талқылауы 16 наурызға белгіленген. Тергеу нұсқасы бойынша, ерлі-зайыптылар Instagram желісінде 15 миллионнан астам аудиториясын пайдаланып, 2025 жылы онлайн-курстарды сату түрінде схема ұйымдастырған. Олар акция аясында ең көп репост жасаған қатысушыға «11-ші автокөлікті» сыйға береміз деп уәде берген. Алайда жеңімпаз анықталмаған және көлік тапсырылмаған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →