×

Президент Қазақстанда жаңа амнистия жүргізілетінін жариялады

Президент Қазақстанда жаңа амнистия жүргізілетінін жариялады
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке ағымдағы сессияның соңына дейін қосымша амнистия туралы заң қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы өткен жылы қылмыстық амнистия өткенін еске салып, енді оның ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жолы азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша кешірім жасалмақ. Тоқаев бұл қадамның ел тарихындағы тұңғыш әкімшілік амнистия болатынына ерекше тоқталды.

«Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек. Бұл – Негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам», – деді Тоқаев.

Амнистия әдетте қоғамдық қауіптілігі төмен немесе орташа қылмыс жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына (әйелдер, қарттар, кәмелетке толмағандар) қатысты қолданылады. Әкімшілік амнистия енгізілсе, ол белгілі бір санаттағы айыппұлдар мен әкімшілік жазаларды жоюды немесе жеңілдетуді қарастыруы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →