×

Экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова түрмеде отырмайтын болды

Экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова түрмеде отырмайтын болды
atpress.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі өзгертіліп, бас бостандығынан айыру жазасы шектеу шарасына ауыстырылды. Бұл туралы Атырау қалалық №2 сотының 16 наурыздағы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Соттың мұндай шешім қабылдауына Хаменоваға бұған дейін берілген жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімінің (10 наурызда) аяқталуы себеп болған. Пробация қызметінің ұсынысын қараған сот экс-шенеуніктің осы уақыт ішінде қоғамдық тәртіпті бұзбағанын, әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын және бала тәрбиесімен айналысу міндетін толық атқарғанын ескерді. Нәтижесінде Хаменова жазасын жабық мекемеде өтемейтін болды.

Еске сала кетейік, Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың желтоқсанында Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату жобасы аясында 4,5 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. 2022 жылдың қарашасында сот оны жемқорлық үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда асырауында кішкентай баласы болғандықтан, жазасын өтеу мерзімі үш жылға шегерілген еді.

Айта кетерлігі, 2025 жылдың қазанында әлеуметтік желілерде Хаменованың тойда түскен суреттері тарап, қоғамда қызу талқы тудырған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →