×

Ақтөбе облысының прокуратурасы 4 адамның өмірін қиған жол апаты бойынша ақтау үкіміне наразылық білдірді

Ақтөбе облысының прокуратурасы 4 адамның өмірін қиған жол апаты бойынша ақтау үкіміне наразылық білдірді
shutterstock

Ақтөбе облысының прокуратурасы 4 адамның, соның ішінде 3 кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істің барысы туралы ресми мәлімдеме жасады. Сот алқабилердің қатысуымен өткен отырыста айыпталушы Р. Инфуровты кінәсіз деп танып, ақтау үкімін шығарған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл істің тарихы күрделі: 2024 жылы осы апат бойынша алдымен жеңіл автокөлік жүргізушісі айыпталған болатын. Алайда, куәгерлердің жүк көлігі жүргізушісінің кінәсін көрсеткен тұрақты айғақтарынан кейін, сот бірінші жүргізушіні ақтап, іс Р. Инфуровқа қатысты қайта қозғалған еді.

Прокуратура өкілдері сот процесі кезінде БАҚ-та жарияланған материалдарға қатысты өз ұстанымын білдірді:

«Жақында жарияланған сот репортажы істің барлық мән-жайларын ескермей, тергеуші мен мемлекеттік айыптаушыға теріс баға беріп, біржақты ұсынылған. Журналистің мұндай әрекеті сотқа қысым көрсету ретінде бағалануы мүмкін», — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта прокуратура алқабилер шығарған ақтау үкімімен келіспей, оны жою мақсатында Ақтөбе облыстық сотына апелляциялық өтінішхат келтірді. Қадағалаушы орган істің ақ-қарасын ажырату үшін жоғары тұрған сот сатысының әділ шешіміне жүгінбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →