×

«Тоқалын шәкіртіне әперген»: дін өкілінің желідегі бейнежазбасы үшін жауапқа тартылды

Тоқалдың орнына ол үшінші, жас әйелге үйленген, өйткені бәйбішесі қартайып қалған

«Тоқалын шәкіртіне әперген»: дін өкілінің желідегі бейнежазбасы үшін жауапқа тартылды
Скриншот: youtube.com/@janar_baisemiz

Қазақстандық журналистің әйгілі Құрбанәлі Ахметтен алған сұхбатында дін өкілі көп әйел алу туралы ойын ашық түрде айтқан. Алматыдағы құқық қорғау органдары желіде талқыға түскен сұхбат бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Байсемізге берген сұхбатында имам көп әйел алуды ашық насихаттайды. Ол екінші әйелін шәкіртіне бергенін мәлімдеген. Тоқалдың орнына ол үшінші, жас әйелге үйленген, өйткені бәйбішесі қартайып қалған.

«Ол мұны өзі қалады, содан кейін мен оған шәкірттерімнен ішінен біреуін таңдауын өтіндім және некесін қиып, тойын жасап беретінімді айттым», – дейді Ахмет Құрбанәлі.

Айтуынша, 70 жастағы имамның 9 баласы бар.

Қоғамдық кеңістікте өзін діни ағым өкілі ретінде таныстырған азаматтың қатысуымен түсірілген бейнематериалдың таралуына байланысты Алматы қаласының дін істері басқармасы тарапынан тиісті тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде сұхбат барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін (соның ішінде әйелдерінің бірін шәкіртіне беру туралы) пікірлер айтылғаны, сондай-ақ қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін мәселелер қозғалғаны анықталды.

Алматы қаласы Дін істері басқармасы өз құзыреті шеңберінде аталған азаматқа қатысты шаралар қабылдап, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы бойынша діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар, аталған азаматтың ресми діни қызметкерлер қатарына жатпайтыны белгілі болды.

Өз кезегінде, Алматы қаласы полиция департаменті аталған материалдың таралу дерегіне құқықтық баға берді.

«Айтылған пікірлердің мазмұны үшін оның авторы жауапты болғанымен, құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тарату да заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады», – деп атап өтті ведомствода.

Осыған байланысты жарияланым авторы да ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы қаласының полициясы діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде материалдарды тарату кезінде жауапкершілік танытудың маңыздылығын ескертеді.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →