×

Бас прокуратура Наурыз мейрамына қатысты теріс пікір білдіргендерге ескерту жасады

Бас прокуратура Наурыз мейрамына қатысты теріс пікір білдіргендерге ескерту жасады
видеодан кадр

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Наурыз мейрамы мен ұлттық дәстүрлерге қатысты теріс пікір білдіріп, қоғамда алауыздық тудырған тұлғаларға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Қадағалау органы азаматтарды, соның ішінде блогерлер мен журналистерді онлайн-платформаларда ақпарат таратқанда заңнаманы қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокуратура мәліметінше, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Наурыз мейрамын «жалған діни догмалармен үйлеспейді» деп айыптап, оның беделін түсіруге тырысқан деректер жиілеген. Мұндай мәлімдемелер Конституция қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, елдегі ұлтаралық және дінаралық татулыққа нұқсан келтіреді. 

Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы, ал алауыздық қоздырғаны үшін 174-бабы бойынша ауыр қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертті. Сондай-ақ, діни қызмет туралы заңнаманы бұзғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабымен жазалануы мүмкін. Заң бұзушылық анықталған жағдайда құқық қорғау органдары қатаң шаралар қолданатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Наурызды «қазаққа да, мұсылманға да тән емес» деп мәлімдеген блогердің видеосы үлкен резонанс тудырған болатын. Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі аталған тұлғаға қатысты діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →